Мессидің ойыны Аргентина құрамасы бапкерлерін жылатты
Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі екінші турында Мексика қақпасына салынған голдар Аргентина командасының бапкерлерінің көңілін босатып жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Катарда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі екінші турында Мексика қақпасына салынған голдар Аргентина командасының бапкерлерінің көңілін босатып жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аргентина бұл ойында 2:0 есебімен ұтты. 64-минутта Лионель Месси гол салып, бас бапкер көмекшісі Пабло Аймарды жылатты. Одан кейін Месси командаласы Энцо Фернандеске нәтижелі пас берді, бұл жолы бас бапкердің өзі Лионель Скалони де көз жасын ұстай алмады.
Осылайша, Аргентина осы турнирдегі бірінші жеңісін тойлады.
Енді С тобындағы үшінші тур ойындары 30 қарашада өтеді. Ол күні Польша - Аргентина, Сауд Арабиясы - Мексика жұптары ойнайды.
Жарнама