Мессидің жоқтығынан. Әлем чемпионатына іріктеуде Аргентинаға есе қайтарылды

©Federación Colombiana de Fútbol

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында Колумбия құрамасы Аргентина камандасын ұтты.

Барранкильеде өткен сегізінші тур ойыны 2:1 есебімен аяқталды. Алаң қожайындары сапынан Йерсон Москера (25-минут) пен Хамес Родригес (60-мину, пенальти) гол салды. Аргентиналықтардан Николас Гонсалес (48) көзге түсті.

Колумбия 2024 жылғы Америка кубогіндегі қосымша уақытта 0:1 есебімен жеңіліс үшін Аргентинаға есе қайтарып отыр десе де болады.

Лионель Месси бұл матчке жарақат салдарынан қатыспады.

Аргентиналықтар осымен екінші рет ұтылып отыр, колумбяилықтар әзірге ұтылыссыз келеді.

Дегенмен Аргентина 18 ұпаймен турнир кестесінде бірінші. Одан кейін Колумбия (16), Уругвай (15), Эквадор (11), Бразилия (10), Венесуэла (10), Парагвай (9), Боливия (9), Чили (5), Перу (3).


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар