Мессидің 1000-матчтағы голы Аргентинаны ширек финалға шығарды

Аргентина құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аргентина құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1/8 финалда Аргентина құрамасы Аустралиямен кездесті. Лионель Месси бұл ойында карьерасындағы 1000-матчына шықты. Ойынынң 35-минутта Месси есеп ашты. Айып алаңында доп алған ол допты қақпада тулатты.
Ал екінші таймда Хулиан Альварес аустралиялықтардың қателігінен кейін есепті еселеді. Бірақ матчтің 77-минутында Энцо Фернандес допты өз қақпасына соғып алып, есеп айырмасы қысқарды. Ойын соңына дейін екі команданың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болды, бірақ пайдалана алмады.
Осылайша, Аргентина құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Жарнама