Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу матчінде уругвайлық футболшыны неге тамағынан қысып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші таймда екі команда ойнышылары арасында жанжал туындап қалды, осы ерегіс кезінде Месси уругвайлық қорғаушы Матиас Оливераны алдымен итеріп қалды, кейін тамағынан қылқындырып алмақ болды.
"Мен ойымдағының бәрін айтпай-ақ қояйын. Бірақ ол жас жігіттерге өзінен үлкендерді сыйлауды үйрену керек", - деп береді Мессидің сөзін TyC Sports.