Месси Роналдуға қарсы. Чемпиондар лигасындағы "Барселона" - "Ювентус" матчіне тікелей трансляция

Бүгін, 8 желтоқсанда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур матчтері өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 8 желтоқсанда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің алтыншы тур матчтері өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойындардың бірінде каталондық "Барселона" өз алаңында туриндік "Ювентусті" қабылдайды. Кездесу "Камп Ноу" стадионында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 02:00.
Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Интернетте трансляция мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Осыған байланысты "Барселона" Лионель Месси мен Криштиану Роналдудың суретін жариялап, футболшылардың текетіресін меңзеді.
???? H I S T ⚽ R Y
Cristiano Ronaldo & Leo #Messi pic.twitter.com/kBElYkoBRg
Еске салайық, "Барселона" (15) және "Ювентус" (12) плей-офф кезеңіне өтіп тұр, енді олар G тобындағы бірінші орынға таласады. Бір ұпайдан жинаған киевтік "Динамо" мен "Ференцварош" Еуропа лигасына жолдама үшін ойнайды.
Жарнама