Франция чемпионатының көшбасшысы биылғы маусымда 700 миллион еуро табыс тапты, деп хабарлайды L’Equipe басылымы.
Өткен жылы жазда Лионель Месси париждік клубқа ауысқан соң ПСЖ командасымен 11 демеуші келісімшарт жасаған. Соның арқасында клуб 310 миллион еуро табысқа кенелді. Бір жылдың ішінде команданың бір миллион жейдесі сатылған. Соның 60 пайызы Мессидің жейдесін таңдаған екен. Небәрі жарты жылдың ішінде атрибутикалардан түскен табыс 41 миллионға жетті.
Салыстырмалы түрде 2019-20 жылғы маусымда билеттерден түкен табыс 90 миллион еуро болса, биыл клуб 132 миллион түсім көрген.
Еске салайық, Аргентина құрамасының капитаны, әлем футболының жарық жұлдызы Лионель Месси өткен маусымда ПСЖ сапына ауысты. Франция біріншілігінде өткізген 25 матчта 6 гол соқты.