Месси, Неймар және Мбаппе бірінші рет бір матчте гол салды

"Пари Сен-Жермен" шабуылшылары Неймар, Килиан Мбаппе және Лионель Месси бірінші рет бір матчте гол соқты. Бұл Франция чемпионатының 30-турында "Лорьянмен" ойын кезінде болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Пари Сен-Жермен" шабуылшылары Неймар, Килиан Мбаппе және Лионель Месси бірінші рет бір матчте гол соқты. Бұл Франция чемпионатының 30-турында "Лорьянмен" ойын кезінде болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, 5:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Неймар ( 12 және 90-минут), Мбаппе (28 және 67-минут) және Месси (73) гол салды. Жеңілген командадан Терем Моффи (56-минут) ерекшеленді.
Жарнама