Англия құрамасы мен "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни "Манчестер Ситидің" норвегиялық форварды Эрлинг Холанд "Алтын допқа" лайық деп есептейді. Оның ойынша, Месси мен Роналдудың дәуірі бітті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Руни қазіргі таңда "Ди-Си Юнайтед" клубында бапкер.
"Эрлинг Холанд - қазіргі таңда әлемдегі ең мықты футбошы. Лионель Месси мен Криштиану Роналду дәуірі болған. Енді оның уақыты келді, Холанд пен Килиан Мбаппенің. Холанд сияқты футболшы "Манчестер Сити" үшін өнер көрсетсе де, оның ойынынан ләззәт алу керек", - деп жазыпты ол The Times газетінің айдарында.
Биыл Месси "Алтын допты" сегізінші рет алады деген болжам бар, алайда Руни бұл сыйға Холанд лайық деген ойда.
"Алтын допты" кім алатыны туралы айтсақ, егер өз бабында қалса, Холанд алуы тиіс. Неге болмасқа? 264 ойында 224 гол - стандарты еш төмендемеген футболшының нәтижесі", - дейді Руни.