Аргентина құрамасы мен франциялық ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси шілде соңына қарай "Барселона" сапына оралатынға ұқсайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Испаниялық Sport басылымының мәліметінше, клуб Мессидің Америка Құрама Штаттарындағы маусым алдындағы тур басталмай тұрып оралғанын қалайды. Бұл тур шілденің 19-30 аралығы өтеді деп жоспарланған.
ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусым айында аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады. "Барслеонадан" бөлек Леоны саудиялық "Әл-Хиәләл" клубы да сапына қосқысы келеді, ал енді арабтар ақшаның бетіне қарамай жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.