Месси алаңнан қуылды: "Барселона" Испания суперкубогында ұтылып қалды

"Барселона" футболдан Испания суперкубогының финалында бильбаолық "Атлетиктен" ұтылып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барселона" футболдан Испания суперкубогының финалында бильбаолық "Атлетиктен" ұтылып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Севильяда өткен кездесу 3:2 есебімен Марселино Гарсия Тораль жаттықтыратын команда пайдасына аяқталды.
"Атлетик" сапында Оскар Де Маркос (42-ші минут), Асьер Вильялибре (90) және Иньяки Уильямс (94) гол салды. Каталондық командадан Антуан Гризманн (40 және 77-ші минутта) дубль жасады.
Айта кетейік, Рональд Куманның командасы 120+1-ші минутта Лионель Месси алаңнан қуылғаннан кейін ойын соңын азшылықта аяқтады.
Жарнама