"Пари Сен-Жермен" Франция чемпионатының 18-турында "Анже" командасын ұтты. Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен алаң қожйындарының пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл ойында Уго Экитике (5-минут) және Лионель Месси (72) гол салды. Аргентиналық шабуылшы Катарда өткен әлем чемпионатынан кейін бірінші ресми матчін өткізді. Осы арқылы Месси париждік командаға 47 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылықта мықтап бекуге септесті. Сегіз ғана баллы бар "Анже" соңғы - 20-орында.
15 қаңтардағы келесі турда ПСЖ сырт алаңда "Реннмен" ойнайды, осы күні "Анже" өз алаңында "Клермон" командасымен матч өткізеді.