Қазақстан құрамасыныңң экс-жартылай қорғаушысы Александр Меркель Түркияның "Газиантеп" клубында табысы ең көп ойыншылардың бірі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Өткен жылы "Газиантепке" ауысқан Меркель түркиялық командада 2023 жылға дейін доп тебеді. Сapology.com сайтының мәліметінше Меркель жылына 850 мың еуро табыс табады. Ол айлық жағынан клубта ең көп табыс табатын 5 футболшының қатарына еніп отыр.
Еске салайық, Меркель осыған дейін "Әл-Фейсали" (Сауд Арабиясы), "Хераклес" (Нидерланды), "Грассхоппер" (Швейцария), "Пиза", "Удинезе", "Милан", "Дженоа" (барлығы Италия) клубтарының намысын қорғаған.