Мбаппе аңғалдығымен елді күлкіге қарық қылды

"Пари Сен-Жермен" футболшылары Киллиан Мбаппе мен Ашраф Хакими Нью-Йорктегі ең қарбалас көшеде жанкүйерлерінен жасырынуға тырысты, деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Пари Сен-Жермен" футболшылары Киллиан Мбаппе мен Ашраф Хакими Нью-Йорктегі ең қарбалас көшеде жанкүйерлерінен жасырынуға тырысты, деп хабарлайды Мassaget.kz.
Ешкім танмас үшін футболшылар керемет камуфляж жасап алған: көзі ғана ашық, басы мен бетін жабатын бас киім киген. Олардың бұл жоспары сәтсіздікке ұшыраған, өйткені әлем чемпионаты жұлдыздарының видеосы Желіде тарап кетті.
Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған:
"Неліктен барлығы Мбаппе мен Хакими туралы жазып жатыр? Олар бұл видеода жоқ! Мен ешкімді көрмедім", "Мбаппе шынымен өзін ниндзя тасбақамын деп санайды", - деп жазған Желідегілер.
Жарнама