Ойынның 109-шы минутында Зидан баспен Матераццидің кеудесінен ұрып, алаңнан қуылған.
"Зиданның соққысы? Мұны күтпедім. Осындай бірдеңе боларына дайындалсам, екеумізді де алңанан қуатын еді. Біз біренеше рет айып алаңында қақтығысып қалдық. Ол бірінші таймда гол салды да, бапкер Марчелло Липпи маған оны бақылап жүруімді сұрады. Бірінші соқтығысқанда мен кешірім сұрадым, ол ашуынан қайтпады.
Ұшінші рет соқтыққанда мен ыза болдым, ал ол матчтен кейін маған футболкасын беретінін айтты. Мен футболка орнына қарындасын қалар едім деп жауап бердім", - деп келтіреді AS порталы Матераццидің сөзін.