Перудегі "Хувентуд Беллависта" мен "Фамилия Чокка" командалары арасындағы ойын қайғылы оқиғамен аяқталды. Қолайсыз ауа райы кезінде найзағай жарқылынан бір футболшы көз жұмды, деп жазады Cancha басылымы.
Матч жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай ойнаған сәтте тоқтатылған. Ойыншылар алаңнан қайтып бара жатқанда найзағай түсіп, Хосе Уго Де ла Круз Меза есімді ойыншы көз жұмды. Өзге тағы бірнеше ойыншы ауруханаға жеткізілді.
Бұл аймақтағы алғашқы жағдай емес екен. Cancha ақпараты бойынша 2014 жылы да ойын кезінде алаңға найзағай түскен. Ол кезде де футболшылар зардап шеккен.