Түркия чемпионатының 18-турында қызық жағдай орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Адана Демирспор" командасы өз алаңында Анадолы жерінің ең атақты ұжымдарының бірі "Галатасарайды" 2:0 есебімен ұтты. Ал 21 жастағы Юнус Акгюн дубль авторы атанды.
Акгюнның соққан голынан кейін оның командаласы Марио Балотелли шабуылшының басынан бір теуіп құттықтады.
Матчтан соң Италия құрамасының экс-ойыншысы инстаграм парақшасында "Жарайсың, балақай", - деген жазба қалдырды.
Еске салайық, Балотелли спорттық карьерасында "Манчестер Сити", "Интер", "Милан", "Марсель" сынды азулы командаларда өнер көрсеткен. Ол осыған дейін талай мәрте түрлі қылықтарымен есте қалды. Мәселен, Тұманды Альбионда доп теуіп жүрген кезінде БАҚ өкілдеріне темекімен бірнеше рет ұсталған.