Футбол
14 қазан 2022 17:47

Марадонна тепкен доп аукционда сатылады

©Depositphotos

Аргентиналық Диего Марадона 1986 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында ағылшындардың қақпасына соққан доп Ұлыбританияда аукционға қойылды, деп хабарлайды Tengri Sport сайты Deutsche Welle-ге сілтей отырып. 

Қазір ол доп ойынға төреліе еткен тунистік рефери Али бин Насерде. 

"Бұл доп халықаралық футбол тарихының бір бөлігі және қазір осы естелікті әлемге паш ететін кез келді. Сатып алған адам бұл допты көпшілік назарында болатындай мүмкіндік жасайды деп сенемін", - дейді Али бин Насер. 

Graham Budd Auctions аукцион үйінің мәліметінше, атақты футболшы тепкен доптың құны шамамен 3 миллион доллар болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, дәл сол матчта Марадона киген киім де осы жылдың мамыр айында 9,3 миллион долларға сатылған еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport