Футбол
1 қазан 2018 14:14
 
Марадонна Мессиге Аргентина құрамасына оралмауын сұрады

  Пікірлер

blog.share

Марадонна Мессиге Аргентина құрамасына оралмауын сұрады © Euronews

Аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона "Барселона" сапында өнер көрсетіп жүрген Лионель Мессиге Аргентина құрамасына оралмауға кеңес берді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Каталониялық клуб шабуылшысы 2018 жылғы әлем чемпионатынан кейін демалыс алып, 2019 жылға дейін ұлттық құрама сапына шақырмауды сұраған. 

"Ұлттық командаға оралмауға кеңес беретін едім. Аргентина құрамасы U15-те ұтылады, бұл Мессидің кінәсі. "Расинг" чемпионатында "Бока Хуниорспен" кездеседі, Месси кінәлі. Барлығына әр кезде соны кінәлайды. Мен Леоға айтар едім: "Келмей тұра тұр. Өздері не істер екен көрейік", - деп келтіреді Марадоннаның сөзін FourFourTwo басылымы Clarin сайтына сілтеме жасап.

Месси Аргентина құрамасы үшін соңғы рет Ресейде өткен биылғы әлем чемпионатында ойнаған. Команда турнирдің топтық кезеңінен өтіп, 1/8 финалда жеңімпаз атанатын Франция құрамасынан ұтылып қалған. 

Жарнама

Живи спортом!