"МанСитимен" шешуші ойында Мбаппе хет-трик жасады

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Реал" мен "Манчестер Сити" арасындағы шешуші матчтердің екіншісі өтті, деп жазады Vesti.kz.
Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі "Реал" мен "Манчестер Сити" арасындағы шешуші матчтердің екіншісі өтті, деп жазады Vesti.kz.
Мадридте өткен кездесу 3:1 есебімен испаниялық клубтың пайдасына аяқталды.
"Реал" сапынан Килиан Мбаппе 4, 33 және 61-минутта гол салып, хет-трик авторы атанды.
— Real Madrid C.F. (@realmadrid) February 19, 2025
"Манчестер Сити" жауап ретіндегі жалғыз голын 92-минутта салды, гол авторы Нико Гонсалес.
Айта кетейік, "Манчестер Сити" сапында Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Абдукодир Хусанов алаңға негізгі құрамда шығып, матчті толық ойнады.
Осылайша, "Реал" екі ойын қорытындысы бойынша (3:1 және 3:2 есептерімен ұтты) турнирдің 1/8 финалына өтіп отыр.
Жарнама