Англия премьер-лигасының (АПЛ) 34-турындағы матчта "Манчестер Сити" өз алаңында "Астон Вилладан" жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. "Қалалықтар" сапынан Бернарду Силва ойынның 7-минутында есеп ашса, жеңіс добын Матеуш Нуньеш қосыша уақытта (90+4-минут) соқты. Алаң қонақтары саыпнда жалғыз голды 18-минутта Маркус Рэшфорд пенальтиден салды.
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов бұл ойынға қатыстырылмады.
Қазіргі таңда "Манчестер Сити" 61 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Ал "Астон Вилла" 57 ұпаймен жетінші сатыда орналасқан.
Келесі турда "Манчестер Сити" 2 мамыр күні өз алаңында "Вулверхэмптонмен" кездессе, "Астон Вилла" 3 мамырда "Фулхэммен" ойнайды.