Футбол
23 қараша 2020 10:16

"Манчестер Сити" Мессиден бас тартты

Сурет: Soccer.Ru

"Манчестер Сити" футбол клубы каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Мессиді сатып алу ойынан айнып қалды.

Sky Sports ақпаратынша, англиялық клуб басшылығы 33 жастағы футболшыға тым жоғары еңбекақы төлеу негізсіз деп ойлайды. Қазіргі таңда Месси 100 миллион еуро алады.

Мұның алдында футболшының трансфері 2021 жылдың қаңтарында болады деп хабарланған еді. Өткен жазда форфард каталондық клуб басшылығымен жанжалдасып, "Барселонамен" келісімшартты үзбек болған. Дегенмен клуб басшылығы келісімшарт аяқталғанша оны командада қалдыруға көндірді. 

Аргентиналық футболшы 2000 жылдан бері "Барселона" жүйесінде. Каталондықтармен бірге ол он рет Испания чемпионы атанып, төрт рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.