"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасы 1/2 финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мюнхенде өткен ойында англиялық клуб "Бавариямен" тең түсті - 1:1. 57-минутта Эрлинг Холанд есеп ашты. Германиялық команда өз кезегінде 83-минутта есепті теңестіре алды, гол авторы Йосуа Киммих.
Бірінші таймда Холанд пенальтиден мүлт кеткенін айта кетейік.
Еске салайық, "Манчестер Сити" бірінші матчте "Баварияны" 3:0 есебімен ұтқан.
Енді жартылай финалда "Манчестер Сити" мадридтік "Реалмен" ойнайды.