"Манчестер Сити" футбол клубы Чемпиондар лигасында тарихи рекорд жаңартты. Команда 26 ойын қатарынан ұтылмай келеді, деп хабарлайды msports.kz сайты.
Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда түнде Праганың "Спарта" клубын өз алаңында 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Матчта Фил Фоден, Джон Стоунз бен Матеус Нуньес бір-бір голдан соқса, Эрлинг Холанд дубль жасады. Осылайша, "қалалықтар" "Манчестер Юнайтедтің" рекордын басып озды. "Қызыл сойқандар" 2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың мамырына дейін 25 ойын қатарынан ұтылмаған болатын.
Рекорд негізгі уақыттағы нәтижеге қарай есепке алынады.