Мақсат Байжанбаев "Қайсарға" оралды
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Қайсарға" қосылды,- деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Мақсат Байжанов Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Қайсарға" қосылды,- деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтыр Байжанов қызылордалық командадан кетіп, "Атырау" сапында ойнаған. 2020 жылғы маусым қорытындысы бойынша атыраулықтар премьер-лигаға оралды, алайда, футболшы командадан кетіп қалды.
Мақсат қызылордалық футбол клубының түлегі. "Қайсар" сапында 2002-2004, 2006-2008 және 2017-2019 жылдары өнер көрсеткен.
Сонымен қатар, жартылай қорғаушы "Ертіс", "Локомотив", "Ақтөбе", "Жетісу", "Атырау" мен "Шахтер" үшін де ойнаған. Жалпы ҚПЛ-де 424 матч өткізіп 44 гол салған.
Қазақстан құрамасы сапында 30 ойынға қатысып, бір гол салды.
Жарнама