Ресейлік бапкер Магомед Адиев Қазақстан құрамасының жаңа басшылығымен ешқандай байланысқа шықпағанын мәлімдеді.
Адиев Қазақстан ұлттық командасын 2022 сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін жаттықтырып, осы аралықта 21 матч өткізді: 11 рет ұтты, тоғыз мәрте ұтылып, бір рет тең ойнады.
Адиевтің сөзінше, құраманы қазақстандық мамандардың бірі жаттықтыра бастайды.- Қазақстанмен ешқандай байланыс болған жоқ, - дейді Адиев "РБ Спорт" порталына.
- Бұл күтпеген жағдай екен.- Жаңа басшылық жергілікті маманды алды. Мен үшін күтпеген ештеңе болмады, мен мұны түсіндім.