Мабппе алғашқы голын салды. "Реал" UEFA Суперкубогын жеңіп алды

© k.mbappe Instagram

Варшавада (Польша) UEFA Суперкубогының иегері анықталды. "Реал Мадрид" Италияның "Аталанта" командасын 2:0 есебімен ұтып шықты. 

Ойындағы екі гол да екінші таймда соғылды. 59-минутта Винисиус Жуниордың тамаша пасынан кейін Федерико Вальверде есеп ашты. 

Араға 9 минут сала Килиан Мбаппе өзінің алғашқы ресми ойынында алғашқы голын соқты. Осылайша "корольдік клуб" биылғы Суперкубок жеңімпазы атанды. 

Мадридтік команда екі бірдей рекорд жаңартты. UEFA Суперкубогын 6 рет жеңіп алған алғашқы команда атанды. Ал Карло Анчелотти жаттықтырушы ретінде бұл кубокты 5-ші рет жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар