Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич "Реал" сапында тағы бір жыл ойнауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Белгілі инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, "корольдік" клубтың басшылығы Модричке тағы бір жыл қалуын сұраған. Жартылай қорғаушының келісімшарты 2022 жылдың маусым айында бітеді. Әзірге ойыншының өкілдері жылдық табысқа қатысты келіссөздер жүргізуде.
Еске салайық, 2012 жылы "Тоттенхемнен" Испания астанасына көшіп келген Лука Модрич осы уақыт аралығында Ла Лиганы екі рет ұтса, Чемпиондар Лигасын төрт мәрте жеңді. Хорватия құрамасымен бірге Ресейдегі әлем чемпионатында финалға дейін жетті.