"Ливерпульді" ұтқан "Арсенал" АПЛ-де көшбасшылықты сақтап қалды

АПЛ-де көш басында келе жатқан лондондық "Арсенал" 10-тур матчінде өз алаңында "Ливерпульмен" ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
АПЛ-де көш басында келе жатқан лондондық "Арсенал" 10-тур матчінде өз алаңында "Ливерпульмен" ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Эмирейтс" стадионындағы матч 3:2 есебімен аяқталды. "Арсенал" бірінші минуттарда-ақ Габриэл Мартинеллидің голы арқасында есепте алға шықты. "Ливерпуль" 34-минутта Дарвин Нуньестің голымен есепті теңестірді, алайда, бірінші тайм соңында Букайо Сака алаң қожайынжарын қайтадан алға шығарды.
53-минутта "Ливерпуль" сапынан Роберто Фирмино есепті қайта теңестірді. Ал 76-минутта Сака пенальтиден есеп нүктесін қойды.
"Арсенал" 24 ұпаймен көш басында қалды. Ал "Ливерпуль" он баллмен оныншы орында.
Жарнама