2021-2022 жылғы Чемпиондар Лигасының маусымында "Ливерпуль" топтық кезеңдегі барлық матчта жеңіске жетті. Бұл көрсеткішті бұрын-соңды ағылшын командалары тіркемеген, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
В тобында "Атлетико", "Порту" және "Милан" клубтарымен кездескен Юрген Клопп ойыншылары 6 матчта 18 ұпай еншіледі. Сонымен қатар, қарсылас қақпасына 17 гол соғып, өз қақпасына небәрі 6 гол өткізді. Соңғы турда "Ливерпуль" қонақта "Миланды" 1:2 есебімен ұтып жарыстан шығарды.
Енді плей-офф кездесулері келесі жылдың ақпан айында өтеді.