"Чемпиондар" Лигасының екінші турында "Ливерпуль" мен "Аякс" матчінде жеңімпаз соңғы минуттарда анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Энфилдтегі" ойында Юрген Клопп жаттықтыратын ағылшын командасы соңғы минуттарда жеңіс голын салды. Есеп 2:1.
"Мерсисайдтықтар" сапында Мұхаммед Салах (17-минут) мен Жоэль Матип (89-минут) гол салса, қонақтардан Мұхаммед Кудус (27-минут) сәтті ойнады.
Осылайша, "Ливерпуль" биылғы еурокубок маусымында алғаш рет жеңіске жетіп отыр. Турнирдің бірінші турында ағылшындар Италияда жергілікті "Наполиге" (4:1) оңбай ұтылған еді.
Енді 4 қазандағы үшінші тур ойынында Клопп шәкірттері өз алаңында Глазгоның "Рейнджерсін" қабылдаса, қатар өтетін матчте "Аякс" пен "Наполи" кездеседі.