"Ливерпуль" сырт алаңда "Астон Вилланы" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
АПЛ 17-туры аясында өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды.
Мохамед Салах бесінші минутта есеп ашты, ал 37-минутта Вирджил ван Дейкке ассист жасады.
Олли Уоткинс 59-минутта есепті қысқарта алды. Ал 81-минутта 18-жастағы қорғаушы Стефан Байчетич командасы үшін бірінші голын салып, матч есебіне нүкте қойды.
Осылайша, "Ливерпуль" осы маусымда алғаш рет қатарынан үш матчта ұтты. Турнир кестесінде команда алтыншы келеді.