Футбол
13 мамыр 2020 14:54

"Ливерпуль" бапкері Месси мен Роналду арасында таңдау жасады

Сурет: Goal.com
"Ливерпуль" футбол командасының бас бапкері Юрген Клопп "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Ювентус" форварды Криштиану Роналду арасында таңдау жасады.

"Мен үшін ең мықты - Месси. Ең кемел футболшының суретін сала алсам, оның бойын Роналдумен тең және Криштиану сияқты биікке секіре алатындай етер едім. Ақыр-аяғы ол кіршіксіз және кәсібилігінде шек жоқ. Ал екінші жағынан бәрін оңай жасайтын бойы кішкене Месси бар. Алаңдағы ойыншы ретінде ол маған көбірек ұнайды. Дегенмен Криштиану да сұмдық футболшы", - деп береді Клопптың сөзін ESPN.

Айта кетейік, Клопп бапкерлік карьерасында Мессиді де, Роналдуды да жаттықтырмаған.