Футбол
6 желтоқсан 2022 15:26

Ливакович ӘЧ-ның тарихында үш пенальти қайтарған үшінші ойыншы

©sports.ru

Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович әлем чемпионаттары тарихында пенальти сериясында үш допты қайтарған үшінші қақпашы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Катардағы мундиальдің 1/8 финалында Жапония мен Хорватия құрамалары кездесіп, негізгі уақытта 1:1 есебі тіркелді. Нәтижесінде экстра-таймда жеңімпаз анықталмағандықтан, төреші пенальти сериясын белгіледі.

"Динамо" (Загреб) қақпашысы Доминик Ливакович жапониялық Такуми Минамино, Каору Митома және Мая Есидалардың тепкен добын қайтарды. Күншығыс елінің сапынан тек Такуми Асано ғана гол салды. Ал балқандықтардан Никола Влашич, Марцело Брозович және Марио Пашалич дәл теуіп, "шақпақ жейделілерді" 1/4 финалға шығарды.

Осылайша, Доминик Ливакович әлем чемпионаттарының тарихында үш пенальти қайтарған үшінші голкипер атанды. Доминикке дейін 2006 жылы Германиядағы біріншілікте португалиялық қақпашы Рикарду Англияға қарсы және 2018 жылы Ресейдегі футбол тойында тағы бір хорват қақпашысы Субашич Дания командасына қарсы ойында үш пенальти қайтарған еді.

Енді 1/4 финалда Златко Далич шәкірттері 9 желтоқсан күні Оңтүстік Кореяны үйіне қайтарған Бразилия құрамасына қарсы ойнайды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport