Футбол
19 сәуір 2020 13:21

"Лионельмен бір деңгейде ешкім тұрған жоқ". Бэкхем Месси мен Роналдуны салыстарды

Сурет: Sport.ua
"Манчестер Юнайтед", мадридтік "Реал" мен "Лос-Анджелес Гэлакси" футбол клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси мен "Ювентус" форварды Криштиану Роналдуны салыстырды, - деп хабарлайды "Чемпионат"

"Месси - бірегей ойыншы, онымен бір деңгейде ешкім жоқ. Роналду аздап Лионельге жетіңкіремейді, алайда, екеуі де өз деңгейімен барлығынан асып түседі", - деп келтіреді Бэкхемнің сөзін Goal.com.

Айта кетейік, Месси "Алтын доп" жүлдесін алты рет, ал Роналду бес рет иеленген.

Испания чемпионатының биылғы маусымында Месси 22 матчте ойнап, 19 гол салып, 12 нәтижелі пас берді. Роналду Италия чемпионатындағы 22 ойында 21 гол соғып, 3 ассист жасады.