"ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар Лигасының 6-турында гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Топтық кезеңнің соңғы матчында аргентиналық шабуылшы Брюгге қақпасына екі доп салды. Осылайша, Месси аталмыш турнирде Еуропаның 38 командасына гол соғып отыр. Енді Лео бұл көрсеткішімен әйгілі Криштиану Роналдумен теңесті.
Еске салайық, А тобында Манчестер Сити (12), "ПСЖ" (11), "Лейпциг" (7) және "Брюгге" (4) ұпай еншіледі.