Месси Абидальдің клубтың бұрынғы бапкері Эрнесто Вальвердені есіне алғанына үнсіз қалмады. Директордың сөзінше, Вальвердені команда сынап-мінеп, жаттығу кезінде барын салмаған екен-мыс. Осыған ашуланған аргентиналық футболшы басшыдан көңілі толмайтындардың есімін атауды талап етті.
"Әркім өзіне жүктелген тапсырмаға жауапты болуы тиіс. Спорт департаментінің адамдары бірінші кезекте клубты басқаруға жауапты болғаны жөн", - деп жазды Месси.
"Барселона" Вальвердемен 14 ақпанда қош айтысты. Келісімшартты бұзу шешімі екіжақты өзара мәмілеге келу арқылы жасалған. Бүгінде клубтың бас бапкері - Кике Сетьен.
Вальверда 2017 жылы жазда клубтың бас бапкері болды. Ол "Барселонаны" екі рет Испания чемпионатында жеңімпаз етті. Чемпиондар лигасының 2017/2018-маусымында клуб ширек финалда "Ромадан" жеңіліп (4:1; 0:3), жарыстан шығып қалды. Былтырғы маусымда "Барселона" жартылай финалда англиялық "Ливерпульден" ұтылды (3:0; 0:4).