Футбол
22 қараша 2021 03:48
 

"Лион" мен "Марсель" арасындағы матч бір жанкүйердің кесірінен кейінге шегерілді

  Пікірлер

blog.share

"Лион" мен "Марсель" арасындағы матч бір жанкүйердің кесірінен кейінге шегерілді ©Footballogue

Футболдан Франция чемпионатында оқыс жағдай орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Футболдан Франция чемпионатында оқыс жағдай орын алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Парк Олимпик Лионне" стадионында "Марсельді" қабылдаған жергілікті "Лион" 14-турдың соңғы ойынын өткізіп жатқан. Алайда матчтың небәрі 3 минутында қонақтар бұрыштама добын тебуі тиіс болды. Нәтижесінде "Лион" жанкүйерлерінің бірі корнер орындағалы жатқан "Марсель" капитаны Димитри Пайеге бөтелке лақтырып, алыстан ұшқан бөтелке капитанның басына дәл түсті. Соның салдарынан Франция құрамасының экс-жартылай қорғаушысы біразға дейін орнынан тұра алмай, медициналық көмекке жүгінді.

Осы жағдайды ескерген бас төреші Руди Букке ойыншыларды алаңнан алып кетті. Араға бір сағат салып "Лион" футболшылары жасыл алаңға қайта шығып, дене қыздыру жаттығуларын жасады. Алайда қонақтар матчты жалғастырудан бас тартты. Сонымен қатар, төреші де кездесуді жалғастырудан үзілді-кесілді қарсы болды. Осыдан кейін бас төреші, ойынның инспекторы және футбол қауымдастығының ортақ шешімімен аталмыш кездесуді кейінге шегерді.

Еске салайық, "Лион" ішкі біріншілікте 19 ұпаймен 10-орында тұрса, "Марсель" 23 ұпаймен 5-орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!