Левандовски Еуро тарихына есімін жазды. Мұндайды Модрич пен Роналду ғана істеген

©Дарья Исаева, «СЭ»

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски Франция құрамасымен матчте (1:1) бірегей жетістікке жетті, деп жазады Vesti.kz.

Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі Франциямен матчте ол 79-минутта пенальтиден гол салды.

Opta Sports мәліметінше, Левандовски төрт бірдей Еуропа чемпионатында гол салған тарихтағы үшінші футболшы болып отыр. Бұған дейін мұндайды Лука Модрич пен Криштиану Роналду ғана жасаған екен. Дегенмен Польша Роберт гол салған бес матчтің біреуінде де ұтқан емес. 

Михал Пробежа жаттықтыратын команда D тобында бір ұпай ғана динап, жарыстан шығып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар