Ле Классикода ПСЖ ірі есеппен жеңіске жетті

"Марсель" Франция чемпионатының 25-турында "Пари Сен-Жермен" командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Марсель" Франция чемпионатының 25-турында "Пари Сен-Жермен" командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ле Классико Марсельдегі "Велодром" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Париждіктер сапынан Килиан Мбаппе дубль жасады (25 және 55-минут), ал Лионель Месси (29-минут) бір гол салды.
Бұл матчтен кейін ПСЖ 60 ұпаймен бірінші орынға мықтап бекіді, ал "Марсель" (52) турнир кестесінде екінші орында қалды.
4 наурызда өтетін келесі турда ПСЖ өз алаңында "Нант" командасымен, ал келесі күні "Марсель" сырт алаңда "Реннмен" ойнайды.
Жарнама