"Қызыл-Жар СҚ" ҚПЛ-2021 додасындағы бірінші ұпайларын жинады
"Тараз" бен "Қызыл-Жар СҚ" командалары OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының екінші айналымында өз араларындағы мықтыны анықтай алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
"Тараз" бен "Қызыл-Жар СҚ" командалары OLIMPBET-Қазақстан чемпионатының екінші айналымында өз араларындағы мықтыны анықтай алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
0:0 есебімен аяқталған кездесу Тараз қаласында өтті. Екі команда тарапынан да біраз гол соғу мүмкіндіктері болғанымен, шабуылдың соңғы кезеңдері екі жақ үшін де сәтсіз аяқталып отырды.
Ойын барысында Бауыржан Байтана, Педро Эуженио және Ненад Адамович сынды ойыншылар есте қаларлық соққылар жасады. Алайда петропавлдық клуб қақпашысы Мирослав Лобанцев шеберлік танытып, алаң иелері жасаған шабуылдарды нәтижесіз етіп отырды.
Тараздық команданың қақпашысы Мұхамеджан Сейсен де ойынға белсенді араласты. Бір сөзбен айтқанда, қос команданың да қақпашылары ойынның тең аяқталуына барын салып бақты.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда "Тараз" сырт алаңда "Қайсар" командасын 3:2 есебімен жеңген болатын. Ал "Қызыл-Жар СҚ" мен "Ордабасы" арасындағы ойын ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілген еді.
5 сәуір күні, үшінші айналымда "Қайрат" өз алаңында "Тараз" командасын, ал "Қызыл-Жар СҚ" қарағандылық "Шахтёрді" қабылдайды.
Жарнама