"Қызыл-Жар" мен АПОЭЛ арасындағы кездесудің өтетін уақыты өзгертілді

Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі "Қызыл-Жар" мен АПОЭЛ арасындағы жауапты кездесудің өтетін уақыты өзгертілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі "Қызыл-Жар" мен АПОЭЛ арасындағы жауапты кездесудің өтетін уақыты өзгертілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл командалар арасындағы жауапты кездесу 11 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Негізі бұл ойын жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталуы керек еді.
Бірақ УЕФА ресми сайтының таратқан ақпаратында 19:30 деген уақыт көрсетіліп тұр.
Айта кетейік, бұл командалар арасындағы бірінші кездесуде АПОЭЛ командасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Жарнама