Қазақстан Премьер лигасының дебютанты "Мақтаарал" командасы 8-турда сырт алаңда петропавлдық "Қызыл-Жар" командасмен тең түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Ойындағы бірінші голды 16-минутта Жан-Әли Пайруз соқты. "Қызыл-Жар" командасы есепті ойынның соңғы минутында теңестірді. 90+6 минутта Валерий Каршакевич көзге түсті.
Бұл тең ойыннан кейін "Мақтаарал" командасы бес ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы орында қалса, алты ұпайы бар "Қызыл-Жар" командасы 12-орында.