Футбол
4 ақпан 2020 11:34

"Қырғыз Мессиінің" алматылық "Қайратқа" трансферінің мән-жайы айтылды

© "Қайрат" ФК
Беллоруссиялық "Неманның" бас бапкері Игорь Ковалевич қырғызстандық футболшы Гулжигит Алыкуловтың алматылық "Қайратқа" өтуі жайлы айтып берді. Маманның сөзін Pressball.by басылымы жариялады. 

- Алыкулов өткен маусымды тамаша өткізді, оны алып қалуға болмады ма?
- Келісімшартта оны бұзғандағы төленетін сомма мен футболшының келісімінің шарты да көрсетілді. Оған өте көп ұсыныс жасалды, "Қайратқа" да ол екінші ұсыныстан кейін барды. Лайықты команда - Гүлжигит үшін қуаныштымыз. Алматылықтар қаржылай мықты ұсыныс жасаған сияқты. 

- Қазақстандық БАҚ "Неман" ол үшін 250 мың доллар алатынын жазды. 
- Мұндай сұрақтарды клуб басшылығына қойған дұрыс. Бірақ бұл шындықтан алыс емес сияқты.

Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы "Қайратқа" өткені туралы қаңтарда ресми жарияланды. 19 жастағы Алыкуловпен келісімшарт "2+1" жүйесімен жасалды. 

Transfermarkt мәліметінше, "Қайрат" Алыкулов үшін 200 мың еуро төледі. Дегенмен ойыншының трансфері 400 мыңға бағаланып отыр.