"Күшім таусылды". Юрген Клопп "Ливерпуль" жанкүйерлерімен қоштасты
"Ливерпуль" футбол клубының бас бапкері Юрген Клопп маусым аяқталысымен қызметінен кететінін мәлімдеді. Маман алдын ала үндеу жасап, мерсисайдтық клубтың жанкүйерлерімен қоштасты.
"Ливерпуль" футбол клубының бас бапкері Юрген Клопп маусым аяқталысымен қызметінен кететінін мәлімдеді. Маман алдын ала үндеу жасап, мерсисайдтық клубтың жанкүйерлерімен қоштасты.
"Мұны есіткенде біртүрлі болып қалатындарыңызды түсінемін. Себебін де айта кетейін, маған бұл командада бәрі ұнайды, бәрін жақсы көремін, дегенмен осындай шешім қабылдауымды дұрыс деп те ойлаймын. Менің энергиям таусылып барады. Қазір менде ешқандай проблема жоқ, бірақ ерте ме, кеш пе бір кететінім анық еді. Бір жұмысты қайта қайта істей алмайтыныма көзім жетті", - дейді маман.
Айта кетейік, қазіргі таңда "Ливерпуль" 48 ұпаймен ағылшын премьер-лигасында бірінші орында келеді.
Юрген Клопп команданы 2015 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жаттықтыруымен команда Англия чемпионы, Кубогы және Суперкубогы иегері атанды. Чемпиондар лигасы, УЕФА Суперкубогы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Оған дейін "Боруссия Д" және "Майнц" клубтарын жаттықтырған.
Жарнама