"Қайрат" футбол клубы жаңа мамандармен еңбек келісімшартын жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Дмитрий Кириченко бас бапкер Құрбан Бердыевтің көмекшісі бодды.
Кириченко - ресейлік "Клуб 100" атты бомбардирлер тобының мүшесі, 2002 және 2005 жылғы үздік сұрмерген, ел чемпионы және Ресей кубогының иегері.
ЦСКА, "Москва", "Сатурн", "Ростов" және тағы басқа командаларда ойнаған. Ресей құрамасы үшін 12 матчке қатысып, төрт гол салған.
2014 жылы "Ростов" командасының бапкерлер штабына кірді. Ал 2016 жылы бас бапкердің қызметін атқарды
Эдуард Кундухов - реабилитолог бапкер.
Ол Құрбан Бердыев, Валерий Газзаев, Хави Грасия мен Ринат Билялетдиновтың штабында қызмет еткен ресейлік білікті маман. 2014 пен 2019 жылдар аралығы "Рубинде", ал Бердыев ол клубтан кеткенде владикавказдық "Аланияға" оралған еді.