Құрамаға үміткер еурокубоктарға қатысқан команда сапынан кетті

"Қызыл-Жардың" бұрынғы қорғаушысы Нұрлан Дайыров "Таразбен" келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
"Қызыл-Жардың" бұрынғы қорғаушысы Нұрлан Дайыров "Таразбен" келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
Өткен маусымды ол "Тұран" сапында бастап, жазда "Қызыл-Жарға" ауысты да, петропавлдықтарға Конференция лигасына жолдама жеңіп алуға көмектесті. Команда құрамаға үміткермен келісімшартты ұзартуға дайын еді, алайда, футболшы "Таразға" оралуды жөн көріпті.
Дайыров өткен маусымда ҚПЛ-де жеті матчке қатысты.
Еске салайық, маусым аралығында "Тараздың" бас бапкері ретінде бұған дейін "Астананың" бапкерлер штабына кірген Нұркен Мазбаев тағайындалды.
Жарнама