"Қазақстанда болғанымда маған шетел адамына сияқты қарайтын. Жергілікті футболшыларға деген қолдау мен құрмет маған көрсетілген жоқ. Қазір Еуропаға қайттым, енді мен париот бола қалып, елді жарнамалау керекпін бе? "Қайратқа" алғыс айтамын. Маған қолдау білдірген адамдарға рахмет айтамын. Бірақ мені Қазақстанда шетелдік деп санайтын. Мұндай жағдайда өмір сүру қиын, бапкерлер саған (Шпилевский емес) қазақ деп, ал қазақтар саған легионер деп қарағанда. Бұл өте қиын жағдай. Сондықтан маған оңай болған жоқ. Қазақстанда қоғам тарапынан, журналистер, мамандар, комментаторлар тарапынан ешқандай мойындау жоқ, мен Қазақстанда болмағандай".
Интернетте тарап кеткен Жуковтың бұл сөзіне Қазақстан футбол федерациясының президенті Азамат Айтқожин жауап берді.
"Баспасөз беттері мен әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковтың айтқаны тарап кетті.
Міндетті түрде Георгиймен кездесіп, сөйлесеміз. Жуков сөзін растаса, сәйкес шешім қабылдаймыз. Ұлттық құрамада еліміздің намысын қорғауға құлышынып тұрған және патриот футболшылар қорғау керек деген ойдамын", - деп келтіреді Айтқожиннің сөзін ҚФФ сайты.
Еске салайық, 25 жастағы Жуков маусым аралығында "Қайрат" сапынан кетіп, краковтық "Вислаға" қосылды.