Футбол
17 мамыр 2022 07:27

Құрама бас бапкері "жаңа" ойыншыларды қатарға қоспақ

©wikipedia

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар Лигасының матчына бірқатар жаңа ойыншыларды шақыртуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Адиев осыған дейін еліміздің басты командасына ішкі чемпионатта жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрген футболшыларды шақыртатынын мәлімдеген еді. Олардың арасында "Тараз" шабуылшысы Абылайхан Жұмабек, "Астана" қорғаушысы Талғат Кусяпов, "Ордабасының" жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов және "Ақтөбе" форварды Максим Самородов бар.

Көшбасшылардың арасында Бахтиер Зайнутдинов пен Исламбек Қуат маусым айындағы матчарда ойнамауы мүмкін.

Еске салайық, 3 маусым күні Ұлттар Лигасының С дивизионында Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзірбайжан командасын қабылдайды. Әзірбайжан құрамасынан бөлек топта Беларусь пен Словакия ойыншылары бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport