Футбол
9 қаңтар 2020 12:13

Құны жарты миллионнан асатын футболшы "Жетісуден" кеткеннен кейін жаңа клуб тапты

© "Жетісу" ФК
Талдықорғандық "Жетісудың" бұрынғы шабуылшысы Руслан Степанюк Украинаға оралды. 

"Динамомания" ақпаратынша, 27 жастағы футболшы "Ворскла" командасымен келісімшарт жасасты. Клуб Украина премьер-лигасында 11-ші, соңғыдан бұрынғы орында. 

Степанюк "Жетісу" сапынан 2019 жылы еркін агент ретінде кеткен. Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны 600 мың еуро. 

Талдықорғандық клубқа ол 2018 жылы мамырда өткен болатын. Қазақстан премьер-лигасында ол "Жетісу" үшін жалпы 44 матчте ойнап, сегіз гол салған. 2019 жылғы маусымда команда бесінші болып аяқтады. 

Украинада Степанюк "Верес", "Олимпик", "Александрия", "Говерла", "Сталь" мен "Таврия" үшін ойнаған.