Футбол
9 қаңтар 2020 12:13
 
Құны жарты миллионнан асатын футболшы "Жетісуден" кеткеннен кейін жаңа клуб тапты

  Пікірлер

blog.share

Құны жарты миллионнан асатын футболшы "Жетісуден" кеткеннен кейін жаңа клуб тапты © "Жетісу" ФК

Талдықорғандық "Жетісудың" бұрынғы шабуылшысы Руслан Степанюк Украинаға оралды. 

"Динамомания" ақпаратынша, 27 жастағы футболшы "Ворскла" командасымен келісімшарт жасасты. Клуб Украина премьер-лигасында 11-ші, соңғыдан бұрынғы орында. 

Степанюк "Жетісу" сапынан 2019 жылы еркін агент ретінде кеткен. Transfermarkt мәліметінше, футболшының трансферлік құны 600 мың еуро. 

Талдықорғандық клубқа ол 2018 жылы мамырда өткен болатын. Қазақстан премьер-лигасында ол "Жетісу" үшін жалпы 44 матчте ойнап, сегіз гол салған. 2019 жылғы маусымда команда бесінші болып аяқтады. 

Украинада Степанюк "Верес", "Олимпик", "Александрия", "Говерла", "Сталь" мен "Таврия" үшін ойнаған.

Жарнама

Живи спортом!